Шипажай-профилакторий

+7 (7212) 411-971+7 701 535 49 70 Рус Қаз Личный кабинет
Сіздің денсаулығыңыздыңтабиғи көзі
Бронирование
номеров
Тип номера
Стандарт или Люкс?
  • Стандартный номер
  • Улучшеный стандартный номер
  • Полу-люкс (Single / Одноместный)
  • Полу-люкс (Twin / Двухместный)
  • Полу-люкс (Double / Семейный)
  • Люкс
  • Генеральская дача
  • Летний домик 3 местные комнаты
Количество персон
1 - 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
Даты отдыха

Услуги

Ойын-сауық

«Жосалы» шипажайы - келушілерін үнемі тың идеяларымен және демалысты тамаша өткізу үшін жасалған мүмкіндіктерімен таңқалдырады!

Өз туыстарыңызбен әрдайым байланыста болыңыз! 2020 жылдың 1 мамырынан бастап шипажайға келушілерге кең жолақты Wi Fi интернеті сыйға.

Балалар алаңы

Шиапажай аумағында тамаша ойын-сауық аймағы орналасқан, онда кішкентай келушілер белсенді демалады және асыр салып ойнайды. Әткеншекпен тербелу, батутта секіру, шағын бассейнде шомылу - осының барлығын балаларға «Жосалы» шипажайы ұсынады.

Спорт алаңы

Ерекше жан-жақты демалу үшін спорт алаңы құрылды. Салауатты өмір салтын ұстанушылар мен әдемі дене пішінін бағалаушыларға - гимнастикалық қоссырықтар, "қолмен жүргіштер", турник және басқа да пайдалы снарядтар қарастырылған.

Волейбол алаңы

Волейбол алаңы да спортшыларды жалықтырмайды! «Жосалы» шипажайына келушілердің уақытты жағымды өткізуі және белсенді демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Пикник аумағы

Күн жылынғанда табиғат аясында кәуап пісіруге тартады да тұрады. «Жосалы» шипажайы осы идеяны жүзеге асыру үшін тамаша орын, біз сіздер үшін қонақжайлық пейілмен есігімізді айқара ашып, қызметтердің кең ассортиментін ұсынуға дайынбыз!

Шағын бақша-қалашық

Жас ағаштардың бақша қалашығы көз қуантады, жасыл алаңдар санаторий қызметкерлерінің үнемі күтімі мен табанды күш-жігерінің арқасында тамыр алды. Кейде шаңды қаладан шығып, саф ауамен тыныстау және көлеңкелі ағаштардың салқын саясында демалу қандай жақсы.

«Жосалы» шипажайы - келушілерін үнемі тың идеяларымен және демалысты тамаша өткізу үшін жасалған мүмкіндіктерімен таңқалдырады!

 Орман, таулар және шипалы көл

"Жосалы" шипажайының жанында жайқалған көк орман, таулар және суының құрамында темірдің жоғары мөлшерімен емдік көл бар. Көлде шомылу тек бойға сергектік сыйлап қана қоймай, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Қаладағы қарбалас тіршіліктің шаршататыны барлығымызға мәлім. Еңбек демалысы жақындаған сайын санаңда табиғат көріністері сайрай жөнеледі. Жылына бір келетін демалыста орман ішінде таза ауа жұтып, сыбдырлаған жапырақтардың үні мен құстардың әнін естіп, саңырауқұлақ пен жидектерді тере жүріп демалғанға не жетсін! Немесе жәй ғана тау шыңына көтеріліп, тұмса табиғатпен тамсанудың өзі бір ғанибет емес пе?!

Ал романтикаға жақын болсаңыз, сүйіктіңізбен таңның атуы мен күннің батуын тау шыңынан тамашалай аласыз. Емдік әсері бар көлде шомылу бүкіл ағзаның жақсаруына септігін тигізеді.

 

Бос уақытты тиімді өткізу

"Жосалы" шипажайы тек сауықтыру үшін ғана емес, сонымен қатар белсенді және жетілген демалыс үшін арналған керемет орын екенін ұмытуға болмайды. Бұл Қазақстандағы туризм әуесқойлары үшін тамаша мекен. Өз істерін толығымен қалдыра алмайтын іскер адамдар үшін және жаһандық желінің белсенді пайдаланушылары үшін Интернет кафе құрылуда. Демалушылар үстел теннисі, футбол ойнай алады. Тілек білдірушілер теледидар көріп, шахмат ойнай алады. Ал жаздыгүні қайықпен жүзіп, қыста коньки теуіп уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік бар.

2013 жылдың 20 ақпанында Семей қаласы әкімдігінің "жұмыспен қамту орталығы" КММ (осыдан әрі-орталық) жұмыспен қамту 2020 жол картасы (осыдан әрі-бағдарлама) аясында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (осыдан әрі-бағдарлама) аясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Шағын жайлы сауна

"Жосалы" сауықтыру шипажайында шағын жайлы сауна бар. Енді әр адам бос уақытын қолайлы жағдайда, жан мен тән үшін пайдалы өткізе алады.

Бойшаң қуыршақтар мен аниматорлар

Мереке күндері және жазда әр демалыс сайын клоундар мен бойшаң қуыршақтар аниматорлармен бірге балалар мен ересектердің көңілін аулайды, белсенді ойындар мен қызықты дискотекалар ұйымдастырады. Онда бой жазып билеп, қызықты жаңа адамдармен танысып, сыйлықтар алып керемет атмосферада көңіл көтеруге болады.


К вашим
услугам

  • Минералды сумен емдеу Жосалы минералды суының химиялық құрамы бойынша ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ
  • Тамақтану Жергілікті шаруа қожалығы шипажайды балғын ет-сүт өнімдерімен жабдықтайды
  • Ойын-сауық "Жосалы" - бұл қазақстандық туризм әуесқойлары үшін өте қолайлы, белсенді және жетілген демалыс үшін тамаша база
  • Саяхаттау Шипажай маңында өзіңіз үшін ашуға тұрарлықтай көптеген бірегей орындар бар!
  • Бизнес-қызметтер Бізде Сіз еш алаңдамастан маңызды мәселелерді талқылай аласыз, ал кейін - толыққанды және қызықты демалуға мүмкіндік қарастырылған.

Показания к лечению

  • 7800Демалған
    туристер
  • 45Жауапты
    қызметкерлер
  • 19Табысты
    маусымдар
  • 30ГаШипажайдың
    аумағы

Байланыс

Қарағанды қ. Жолдамаларды сату бойынша кеңсе: Ленин көшесі, 11-үй, 1-қабат, e-mail: ofis@josaly.kz +7 (7212) 411-971
Шипажай: Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі +7 (72154) 5-24-00, +7 701 535 49 70