Шипажай-профилакторий

+7 (7212) 411-971+7 701 535 49 70 Рус Қаз Личный кабинет
Сіздің денсаулығыңыздыңтабиғи көзі
Бронирование
номеров
Тип номера
Стандарт или Люкс?
  • Стандартный номер
  • Улучшеный стандартный номер
  • Полу-люкс (Single / Одноместный)
  • Полу-люкс (Twin / Двухместный)
  • Полу-люкс (Double / Семейный)
  • Люкс
  • Генеральская дача
  • Летний домик 3 местные комнаты
Количество персон
1 - 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
Даты отдыха

Жолдамалар

«Жосалы» шипажайына 2023 жылға арналған жолдамалар құны, бір адамнан 1 емдік күнге есептегенде, 1.06.23

Нөмірлердің жабдықталуы

Орынның құны, тг.

Цокольды қабат (3 және 7 орынды бөлмелер, басқа демалушыларды орналастырумен) - кіреберіс, бір бөлмелі панцирды төсек, орындықтар, үстел, төсек жанындағы тумбочкалар, киім шкафы, санторап, едені жылытылған душ немесе ванна бөлмесі, стандартты сүлгі, сабын, дәретхана қағазы. Теледидарды, тоңазытқышты және тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арқылы.

сұрау бойынша

Стандартты бөлме (2 және 3 орынды бөлме) - кіреберіс, бір кісілік төсек, орындықтар, үстел-тумба, төсек жанындағы тумбочкалар, киім шкафы, санторап, едені жылытылған душ бөлмесі, стандартты сүлгі, сабын, дәретхана қағазы. Теледидарды, тоңазытқышты және тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арқылы.

16900

Жақсартылған стандартты нөмір (2 орынды бөлме) - кіреберіс, бір жарым кісілік төсек, орындықтар, үстел-тумба, киім шкафы, теледидар (кабельді ТВ), ванна бөлмесі, едені жылытылған санторап немесе душ кабинасы, стандартты сүлгі, сабын, дәретхана қағазы. Теледидарды, тоңазытқышты және тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арқылы.

17900

Жартылай люкс - басқа адамды орналастырусыз, кіреберіс, бір жарым кісілік екі төсек, диван, үстел, 2 орындық, 2 тумбалар, киім шкафы, теледидар (кабельді ТВ), тоңазытқыш, едені жылытылған ванна бөлмесі немесе душ абинасы, санторап, 4 сүлгіден тұратын жиынтық, сабын, дәретхана қағазы. Еденде линолеум. Тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арқылы. Нөмір бағасына тәулігіне 9000 теңге қосып төленсе, 3-ші адамның-бала тұруына мүмкіндік бар.

нөмір бағасы 48000

Жартылай люкс - (біркісілік) - кіреберіс, біркісілік 1 төсек, диван, орындық, үстел, тумба, киім шкафы, теледидар (кабельді ТВ), тоңазытқыш, едені жылытылған ванна бөлмесі немесе кабинасы бар душ, 2 сүлгіден тұратын жиынтық, сабын, дәретхана қағазы. Тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арқылы.

нөмір бағасы 27000

Жартылай люкс (отбасылық) - кіреберіс, үлкен екі кісілік төсек, диван, үстел, 2 орындық, 2 тумба, киім шкафы, теледидар (кабельді ТВ), тоңазытқыш, едені жылытылған ванна бөлмесі немесе кабинасы бар душ, 4 сүлгіден тұратын жиынтық, сабын, дәретхана қағазы. Тұрмыстық техниканы жалға алу* қосымша төлем арықылы. Нөмір бағасына тәулігіне 9000 теңге қосып төленсе, 3-ші адамның-бала тұруына мүмкіндік бар.

нөмір бағасы 48000

Люкс (үлкен 2 орынды отбасылық бөлме - кіреберіс, үлкен 2 кісілік төсек, 2 тумба, жұмсақ жиһаз, киім шкафы, айнасы бар трюмо, теледидар (кабельді ТВ), тоңазытқыш, тұрмыстық техника, едені жылытылған джакузи және санторап, 6 сүлгіден тұратын жиынтық, сабын, дәретхана қағазы. Кондиционерлеу жүйесі, еденде кілем. Нөмір бағасына тәулігіне әр адамға 9000 теңге қосып төленсе, 3-ші адамның-бала тұруына мүмкіндік бар. Барлық жалға алу мүмкіндіктері нөмірдің бағасына енгізілген.

нөмір бағасы

59000

Киіз үй - үстел, көрпелер, комод, электр жарығы. Жанында мангал үшін орын қарастырылған. Көмір әкімшіде сатылады.

сағатына 1000 теңге

Жазғы үйшік (3-6 орындық бөлмелер) жазғы нұсқа.

сұрау бойынша

* Тұрмыстық техника: фен, шәйнек, ыдыс-аяқ, үтік, киім үтіктейтін тақта.

* Күнделікті емдік шаралар сыйға.

 

Емдік бағыты

Зат алмасудың бұзылуы, ас қорыту мүшелерінің аурулары, тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, қан тамырларының аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары, созылмалы улану, оның ішінде ауыр металдармен және фосформен кәсіби улану, тері аурулары, гинекологиялық аурулар, несеп-жыныс жүйесінің аурулары.

Біздің шипажайда аптасына 7 күн емдеу және түрлі емшаралар жүргізіледі

Медициналық корпус ғимаратында 10 кабинет орналасқан (терапевт, гинеколог, педиатр, массажшы, физиокабинет, механикалық массаж кабинеті, ингаляциялық кабинет, озокеритті емшараларға арналған кабинет, ішек шаюға арналған кабинет. Сондай - ақ, минералды ванналарды қабылдауға арналған зал, минералды душ, көтерілетін, балшықпен емдеу, ыңғайлы және жайлы болуы үшін жылытылатын еденмен жабдықталған, сондай-ақ емдік гимнастика залы және демалу мен релаксация залы бар.

Шипажай-курорттық карта (ШКК) емдеудің толық курсын тағайындау үшін қажет. ШКК болмауы шипажайлық - курорттық қызмет көрсетуден бас тартуға әкеп соқпайды. ШКК болмаған жағдайда (3000 тг) дәрігер өз қалауы бойынша процедураларды тағайындайды. Пациент ШКК-сыз процедуралардың толық курсын тағайындау туралы талап еткен жағдайда, процедураларды тағайындау клиент дәрігердің ұсынбайтын емшараларды қабылдауынан туындаған салдарға наразылықтан бас тарту туралы қолхат жазғаннан кейін жүргізілуі мүмкін. ШКК жоқ процедураларға мыналар жатады: минералды душ, ОФП, емдік-кометикалық балшық қолдану, сегменттік массаж және "Шипажайлар мен курорттар туралы"заңмен тыйым салынбаған басқа да емшаралар.

Үйден шипажайға ауысымды аяқ киім (медициналық корпусқа бару үшін резеңке аяқ киім), жайма немесе сүлгі (балшықпен емдеу үшін), массаж кремі, минералды су ішуге арналған түтікшесі бар стақан алуды ұмытпаңыз. Егер өзіңізбен бірге алып келуді ұмытып кетсеңіз, барлығын шипажай әкімшісінен сатып алуға болады.

Стандарт және жақсартылған стандарт жолдамасының құнына төмендегілер кіреді: 4 мезгіл тамақтану, тұру, емдеу (минералды сумен емдеу, көне Қарасор көлінің лайлы балшығымен емдеу, механомассаж және басқа физиотерапиялық емшаралар). Стандарт және жақсартылған стандарт нөмірлері кемінде екі адамға арналған (немесе екінші адамның жанына қоныстануға болады).

Люкс және жартылай люкс жолдамасының құнына төмендегілер кіреді: стандартты қызмет жиынтығы + әкімшіден жалға алуға болатын дүниелерді тегін алу мүмкіндігі (бильярд ойыны, теннис және т.б. тәулігіне 1 сағат, кәуап жиынтығы). Люкс және жартылай люкс нөмірлері қоныстанусыз ұсынылады.

 

Тіркеу, есеп айырысу сағаты, жеңілдіктер:

* Шипажайға келу уақыты – күндізгі 13:00; шипажайдан шығу уақыты (есептік сағат) – күндізгі 12:00

* Есептік сағаттан кейін 18:00-ге дейін шыққан кезде - нөмір құнының жартысына төлем есептеледі

* Есептік сағаттан кейін 18:00-ден кейін шыққан кезде - толық тәулікке ақы есептеледі

* 2 жасқа дейінгі балалардың тұруы – тегін (төсек-орын берілмейді, тамақтану тағайындалмайды, емделу кепілдендірілмеген), 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың тұруына – 50% жеңілдік қарастырылған

* Арнайы ұсыныстар, жеңілдіктер біріктірілмейді және бір-бірінен бөлек қолданылады

* Зейнеткерлерге күзде және көктемде 5% жеңілдік, қыста 10% жеңілдік беріледі (құжаттың түпнұсқасын ұсынған кезде)

* Арнайы ұсыныс: күзде және көктемде ҰОС ардагерлеріне 40% жеңілдік, қыста 50% жеңілдік (құжатты ұсыну бойынша)

70 жастан асқан тұлғалар ертіп жүрушілермен қабылданады.

 

Біздің көлікпен бір бағытқа жол жүру құны 2600 теңге.

Шипажайда тұру құнын төлеген азаматтар аумақтағы авто-тұрақпен тегін қолдана алады. Демалушылар, қонаққа келгендер шипажайдың аумағында 1 сағатқа дейін болуы мүмкін, одан кейін жолдаманы ресімдеуі немесе шипажайдың аумағынан кетуі тиіс.

Шипажай қызмет шарттары мен құнын ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

 

Жолдамаларды сату кеңсесінің мекен-жайы: Қарағанды қ., Ленин көш., 11. Тел.: 8 (7212) 411-971 Whats App +7 701 535 49 70

Кеңсенің жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз. Сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін.

«Жосалы» шипажайындағы телефон нөмірлері (Қарқаралы ауданы):

8 (7215) 45 24 00

 

К вашим
услугам

  • Минералды сумен емдеу Жосалы минералды суының химиялық құрамы бойынша ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ
  • Тамақтану Жергілікті шаруа қожалығы шипажайды балғын ет-сүт өнімдерімен жабдықтайды
  • Ойын-сауық "Жосалы" - бұл қазақстандық туризм әуесқойлары үшін өте қолайлы, белсенді және жетілген демалыс үшін тамаша база
  • Саяхаттау Шипажай маңында өзіңіз үшін ашуға тұрарлықтай көптеген бірегей орындар бар!
  • Бизнес-қызметтер Бізде Сіз еш алаңдамастан маңызды мәселелерді талқылай аласыз, ал кейін - толыққанды және қызықты демалуға мүмкіндік қарастырылған.

Показания к лечению

  • 10800Демалған
    туристер
  • 45Жауапты
    қызметкерлер
  • 32Табысты
    маусымдар
  • 30ГаШипажайдың
    аумағы

Байланыс

Қарағанды қ. Жолдамаларды сату бойынша кеңсе: Ленин көшесі, 11-үй, 1-қабат, e-mail: ofis@josaly.kz +7 (7212) 411-971
Шипажай: Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі +7 (72154) 5-24-00, +7 701 535 49 70