Шипажай-профилакторий

+7 (7212) 411-971+7 701 535 49 70 Рус Қаз Личный кабинет
Сіздің денсаулығыңыздыңтабиғи көзі
Бронирование
номеров
Тип номера
Стандарт или Люкс?
  • Стандартный номер
  • Улучшеный стандартный номер
  • Полу-люкс (Single / Одноместный)
  • Полу-люкс (Twin / Двухместный)
  • Полу-люкс (Double / Семейный)
  • Люкс
  • Генеральская дача
  • Летний домик 3 местные комнаты
Количество персон
1 - 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
Даты отдыха

Услуги

Тамақтану

"Жосалыға" келушілер жиі және дәмді тамақтанады. Демалушыларға 4 рет сапалы тамақтану қамтамасыз етіледі. Тамақ дайындау үшін пайдаланылатын барлық өнімдер жергілікті қосалқы шаруашылықпен жеткізіледі.

Бұл балғындық пен олардың пайдалы қасиеттерін сақтаудың кепілі болып табылады. Таңғы ас пен түскі және кешкі ас тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үшін шипажайда кәсіби диетолог дәрігер жұмыс істейді, ол тағамның дұрыс дайындалуын қадағалайды, сонымен қатар оның үйлесімділігі мен пайдалы қасиеттерінің сақталуына жауап береді.

 

Емдік бағыты

Зат алмасудың бұзылуы, ас қорыту мүшелерінің аурулары, тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, қан тамырларының аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары, созылмалы улану, оның ішінде ауыр металдармен және фосформен кәсіби улану, тері аурулары, гинекологиялық аурулар, несеп-жыныс жүйесінің аурулары.

Біздің шипажайда аптасына 7 күн емдеу және емшаралар жүргізіледі

Медициналық корпус ғимаратында 10 кабинет орналасқан (терапевт, гинеколог, педиатр, массажшы, физиокабинет, механикалық массаж кабинеті, ингаляциялық кабинет, озокеритті емшараларға арналған кабинет, ішек шаюға арналған кабинет. Сондай - ақ, минералды ванналарды қабылдауға арналған зал, минералды душ, көтерілетін, циркулярлы Шарко душы, балшықпен емдеу, ыңғайлы және жайлы болуы үшін жылытылатын еденмен жабдықталған, сондай-ақ емдік гимнастика залы және демалу мен релаксация залы бар.

Шипажай-курорттық карта (ШКК) емдеудің толық курсын тағайындау үшін қажет. ШКК болмауы шипажайлық - курорттық қызмет көрсетуден бас тартуға әкеп соқпайды. ШКК болмаған жағдайда (3000 тг) дәрігер өз қалауы бойынша процедураларды тағайындайды. Пациент ШКК-сыз процедуралардың толық курсын тағайындау туралы талап еткен жағдайда, процедураларды тағайындау клиент дәрігердің ұсынбайтын емшараларды қабылдауынан туындаған салдарға наразылықтан бас тарту туралы қолхат жазғаннан кейін жүргізілуі мүмкін. ШКК жоқ процедураларға мыналар жатады: минералды душ, ОФП, емдік-косметикалық балшық қолдану, сегменттік массаж және "Шипажайлар мен курорттар туралы"заңмен тыйым салынбаған басқа да емшаралар.

Үйден шипажайға ауысымды аяқ киім (медициналық корпусқа бару үшін резеңке ақ киім), жайма немесе сүлгі (балшықпен емдеу үшін), массаж кремі, минералды су ішуге арналған түтікшесі бар стақан алуды ұмытпаңыз. Егер өзіңізбен бірге алып келуді ұмытып кетсеңіз, барлығын шипажай әкімшісінен сатып алуға болады.

Стандарт және жақсартылған стандарт жолдамасының құнына төмендегілер кіреді: 4 мезгіл тамақтану, тұру, емдеу (минералды сумен емдеу, көне Қарасор көлінің лайлы балшығымен емдеу, механомассаж және басқа физиотерапиялық емшаралар). Стандарт және жақсартылған стандарт нөмірлері кемінде екі адамға арналған (немесе екінші адамның жанына қоныстануға болады).

Люкс және жартылай люкс жолдамасының құнына төмендегілер кіреді: стандартты қызмет жиынтығы + әкімшіден жалға алуға болатын заттарды тегін алу мүмкіндігі (бильярд ойыны, теннис және т.б. тәулігіне 1 сағат, кәуап жиынтығы). Люкс және жартылай люкс нөмірлері қоныстанусыз ұсынылады.

 

Тіркеу, есеп айырысу сағаты, жеңілдіктер:

* Шипажайға келу уақыты – күндізгі 13:00; шипажайдан шығу уақыты (есептік сағат) – күндізгі 12:00

* Есептік сағаттан кейін 18:00-ге дейін шыққан кезде - нөмір құнының жартысына төлем есептеледі

* Есептік сағаттан кейін 18:00-ден кейін шыққан кезде - толық тәулікке ақы есептеледі

* 2 жасқа дейінгі балалардың тұруы – тегін (төсек-орын берілмейді, тамақтану тағайындалмайды, емделу кепілдендірілмеген), 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың тұруына 50% жеңілдік қарастырылған

* Арнайы ұсыныстар, жеңілдіктер біріктірілмейді және бір-бірінен бөлек қолданылады

* Зейнеткерлерге күзде және көктемде 5% жеңілдік, қыста 10% жеңілдік беріледі (құжаттың түпнұсқасын ұсынған кезде)

* Арнайы ұсыныс: күзде және көктемде ҰОС ардагерлеріне 40% жеңілдік, қыста 50% жеңілдік (құжатты ұсыну бойынша)

70 жастан асқан тұлғалар ертіп жүрушілермен қабылданады.


Біздің көлікпен бір бағытқа жол жүру құны 2200 теңге.

Тұруды төлеген азаматтар аумақтағы автотұрақпен тегін қолдана алады. Демалушыларға қонаққа келгендер шипажайдың аумағында 1 сағатқа дейін болуы мүмкін, одан кейін жолдаманы ресімдеуі немесе шипажайдың аумағынан кетуі тиіс.

Шипажай қызметтің шарттары мен құнын ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

 

Жолдамаларды сату кеңсесінің мекен-жайы: Қарағанды қ., Ленин көш., 11. Тел.: 8 (7212) 411-971

Кеңсенің жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз. Сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін.

"Жосалы" шипажайындағы телефон нөмірлері (Қарқаралы ауданы):

+7 701 535 49 72, 8 721 54 52400

К вашим
услугам

  • Минералды сумен емдеу Жосалы минералды суының химиялық құрамы бойынша ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ
  • Тамақтану Жергілікті шаруа қожалығы шипажайды балғын ет-сүт өнімдерімен жабдықтайды
  • Ойын-сауық "Жосалы" - бұл қазақстандық туризм әуесқойлары үшін өте қолайлы, белсенді және жетілген демалыс үшін тамаша база
  • Саяхаттау Шипажай маңында өзіңіз үшін ашуға тұрарлықтай көптеген бірегей орындар бар!
  • Бизнес-қызметтер Бізде Сіз еш алаңдамастан маңызды мәселелерді талқылай аласыз, ал кейін - толыққанды және қызықты демалуға мүмкіндік қарастырылған.

Показания к лечению

  • 7800Демалған
    туристер
  • 45Жауапты
    қызметкерлер
  • 19Табысты
    маусымдар
  • 30ГаШипажайдың
    аумағы

Байланыс

Қарағанды қ. Жолдамаларды сату бойынша кеңсе: Ленин көшесі, 11-үй, 1-қабат, e-mail: ofis@josaly.kz +7 (7212) 411-971
Шипажай: Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі +7 (72154) 5-24-00, +7 701 535 49 70