Саяхаттау
Шипажай маңында өзіңіз үшін ашуға тұрарлықтай көптеген бірегей орындар бар! Шипажайдың саяхат бағдарламасы «Монах тауына», «Птенец», «Лысая гора» тауларына, «Кенгуру» орман алқабына ұмытылмас сапарларды ұсынады. Ежелгі Қарасор көлі мен Ащысу өзеніне саяхат ...
Саяхаттаудың 1-ші бағыты
Қарасор көлінің емдік балшығы. Мұнда сіз тек қайталанбас табиғатты тамашалап қана қоймай, сонымен қатар емдік бұлақтың жағасында балшыққа кіріп, шипалы балшық шарапатын көре аласыз. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері микроэлементтер мен тұздарға бай минералды қайдан және қалай өндіретінін білуге мүмкіндігіңіз бар.
Турдың ұзақтығы - 6 сағатқа дейін.
Саяхаттаудың 2-ші бағыты
«Спящий монах» - құпиясы мол өлке. Бұл тау шындығында ұйықтап жатқан монахқа ұқсайды! Тауға шығу – таптырмас тынығу екенін жақсы білеміз. Ендеше, «Спящий монах» тауына саяхаттап, табиғаттың тылсым құпияларын ашып, жақсылап тынығу мүмкіндігінен құр қалмаңыз.
Ұзақтығы 3 сағатқа дейін.
«Спящий монах» тауының жанында «Тілек ағашы» бар. Әрбір адам осы ағашқа көкейлеріндегі ақ тілектерінің орындалуын тілеп лента байласа, ниеттері орындалады деген сенім бар.
«Тілек ағашы»
«Спящий монах» тауының батыс жағында сол өңірдің тұмса табиғатын күзетіп тұрған кейіппен «Робот» тау шоқылары қасқайып тұр.
«Робот» тауы
Саяхаттаудың 3-ші бағыты
«Кенгуру» тауының орман алқабына саяхат. Мұндай қызықты атау - орман массивінің кескіндерін секіретін кенгурумен ұқсастығынан алынған. Шынында да, мұқият қарасаңыз, орман алқабының атауын бірден түсінуге болады. Тау бөктеріне жаяу саяхаттау бұлшықеттер үшін жақсы жаттығу болады, ал таза ауа ағзаны оттегімен байытады! Егер сіз саңырауқұлақтар мен жидектерді жинауды ұнатсаңыз, онда саяхаттаудың бұл түрі – сөзсіз Сіз үшін. Ұзақтығы 4 сағатқа дейін.
«Кенгуру» орман алқабы
«Лысая гора» тауы
Саяхаттаудың 4-ші бағыты
Ащысу өзеніне саяхаттау. Балық аулауды ұнататындар үшін ерекше орын. Өзен мөңке, аққайран (язь), оңғақ, шортан және алабұға сияқты балықтарға бай. Қармақпен қаруланып алып, уақытты өте жақсы өткізу үшін таптырмас орын. Ұзақтығы 8 сағатқа дейін.
Панорама